- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ферроқорытпа зауытындағы апат:...
Ферроқорытпа зауытындағы апат: екі науқастың беті бері қарады
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін ауруханаға түскен екі науқастың жағдайы тәуір, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты.
"Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың комбустиология бөлімінде орналасқан Қарағанды ферроқорытпа зауытының зардап шеккен екі қызметкеріне жалпы жағдайының жақсаруына байланысты емдеу-қорғау режимі жеңілдетілгенін хабарлаймыз. Енді пациенттер палатада жүре алады, жақын туыстарының қысқа мерзімді келуіне рұқсат етіледі.
Екі пациент әлі де өте ауыр жағдайда реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін аман қалған 4 адамның жағдайы туралы айтқан еді.
Еске салайық, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген болатын.
Бұған дейін, 22 шілдеде зардап шеккен бір науқастың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Ал 24 шілдеде денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған науқас қайтыс болғаны белгілі болды.
Бүгін ауруханада жатқан тағы екі қызметкер қаза тапқаны белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина