Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Астанада үйдің қасбеті құлауы салдарынан қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті соталды тергеп-тексеруді аяқтаған. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы 1-бөлігі ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша жүргізілген. 6 тамызда қылмыстық іс материалдары сотқа жолданған.

Соттың баспасөз қызметі өкілі материалдар түскенін, бірақ алдын ала тыңдалым күні әлі белгіленбегенін айтты.

Еске салайық, 2025 жылы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қасбетінен кірпіш қаптама мен кондиционер бекіткіші құлаған болатын. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті.

23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан бригада құрамында оқиға орнына келген. Туыстарының айтуынша, қыз алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге көмекке ұмтылған. Дәл осы сәтте оның үстіне кірпіш қаптамасы мен кондиционер бекіткіші құлаған.

Ауыр жарақат алған Ұлдана ауруханаға жатқызылды. Ол он күн бойы жансақтау бөлімінде өте ауыр хәлде жатты, алайда 2025 жылы 18 қарашада көз жұмды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!