"Фаст фуд жеп отыр". Желіде Садыр Жапаров әйелімен сауда орталығында жүрген суреті тарады

Сауда орталығында әйелімен отырған Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың суреті тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суреттер жергілікті Asia Mall сауда орталығының Instagram-парақшасында пайда болды. Суретте президент фаст фуд жеп отырғанын байқауға болады. 

Артынша президент жергілікті халықпен суретке де түскен. 

24.kg басылымының мәліметінше, бұл президенттің алғаш рет қоғамдық орында жүруі емес. Бұған дейін ол ГУМ сауда орталығында көзге түскен екен.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!