Танымал әнші Төреғали Төреәлінің екі қарындасын да халық алаяқтық жасады деп кінәлап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде өз аудиториясын тауып үлгерген танымал блогер Фариза Төреәлі жақында оқырмандарын алаңдатқан сұраққа төмендегідей жауап берген болатын: "Алаяқтар! Өтініш алданбаңыздаршы! Түрлі таргет жүр менің атымнан жарнама жасап. Көрсеңіздер "шағымдану" батырмасын басыңыздаршы".
Ал енді Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы Дина Төреәліге оқырмандары жауапсыздығы үшін шағымданған.
"Адам біреуге кінә артпас бұрын өзім бәрін дұрыс жасадым ба екен деп неге ойланбайды екен осы? Сөйтіп отырып алып комент жазады, өсек іздеген адамдар оған лайк басады", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Инфобизнесте жүрген Төреғали Төреәлінің қарындастарының соңғы кезде басы жиі шуға қалып жүр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!