Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі 1 жасқа толған қызына бағалы сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер қызы Дараға Астанадан пәтер сыйлаған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"1 жыл бұрын.. жарқ етіп дүниеге Сен келдің, қызым.
Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт.
Аллахымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт!
Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-те дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып, көңілім босап отыр. Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауға Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.
Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген - сен. Махаббат деген - сен. Қуаныш деген - сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым!" - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін блогер Фариза Төреәлі балалы болғаны хабарланған болатын.
Кейінірек ол жүктілігін көпшіліктен жасыру себебін түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!