- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Фаридаға сабыр, маған...
"Фаридаға сабыр, маған да оңай емес". Нұрболат Абдуллин әйелімен 9 жылдығын атап өтті
Фото:
instagram.com/nurbullin/
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин әйелімен үйленгеніне 9 жыл болғанын атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"9 жыл" деген жазбамен әнші әйелімен романтикалық кездесуде отырған суретін жариялады.
Пікір жазғандардың қатарынан әнші мен әйелін атаулы күнмен құттықтап жатқандар да, Нұрболат Абдуллинге ескерту айтқандар да, әзілдеп жатқан оқырмандар да табылды.
"Өзіңізді ғана сала бермей, келіншегіңізді де салмайсыз ба? Бәрібір өзіңізді жақсы көресіз, иә?" деген оқырманына әнші "өзім білемін" деп жауап берген. Ал "Фаридаға сабыр" деп пікір қалдырған оқырманына әнші "Маған да оңай емес" деген пікір жазып қалдырыпты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева