"Фантастика!" HasSak тобы аспаптармен аңдардың дауысын салып, тәнті етті

Сіз ұлттық аспаптармен аңдардың дауысын салу мүмкін десе, сенер ме едіңіз? Жақында HasSak тобы мұның мүмкін екенін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Фантастика! Ұлттық аспаптарымызды тереңінен зерттеп жүрген Хассақ жасасын!" - деп жазған журналист HasSak тобының түрлі аңдардың дауысын салған видеосын жариялады. 

Таңданысын жасыра алмай, жақсы пікір жазып жатқан желі қолданушылары да жетерлік. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз