- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Фактчек: Қазақстандағы халық...
Фактчек: Қазақстандағы халық саны 19 миллионға жеткені рас па?
Кейінгі уақытта Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті деген ақпарат жиі тарап жүр. Түрлі сайт пен әлеуметтік желілерде құттықтаулар мен хабарландырулар жарияланып жатыр. Factcheck.kz порталы Статистика комитеті дерегіне сүйеніп, еліміздегі халық саны 19 миллионға жетпегенін анықтады.
Редакция комитетке хабарласып, 1 мамырдағы деректі сұраған. Бірақ мемлекеттік оргған бұл дерек маусым айында жарияланатынын айтқан.
Статистика комитеті ресми сайтында 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18 690 195 адам деп көрсеткен.
Ақпарат қайдан шықты?
БАҚ бұл ақпаратты countrymeters.info сайтынан алған. Сайттан шынымен Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асқанын көруге болады. Бұл сайт дереккөз ретінде БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментаментінің халық қоныстануы бөліміне сілтеген.
Factсheck.kz айтуынша, бұл бөлім 1951 жылдан бері әлемнің 235 мемлекетінің халық санына болжам жасап әрі бағалап отырады. Халық санын бағалау әр жыл сайынғы туу мен өлім-жітім деңгейіне қарай жүргізіледі. Сондықтан countrymeters.info сілтеген бұл бөлімнің статистикасы тек болжам ғана.
"Қазақстандағы халық санының өсуіне қарап, биыл шынымен де 19 миллионға жетуіміз мүмкін. Алайда қуануға әлі ерте", – дейді Factcheck.kz фактчекері.
Massaget