7 шілдеден бастап Алматыдан ішкі рейстермен ұшатын «Эйр Астана» жолаушылары отырғызуға қағаз отырғызу талондарысыз өте алады.
Ол үшін компанияның мобильді қосымша арқылы рейске тіркеліп, әуежайда тексерістен кейін телефондарын сканерлеу құрылғысына жақындату керек. Мобильді отырғызу талонын жоғалтқанда немесе қосымшаға қол жеткізе алмаған жағдайда кәдімгі отырғызу талонын тіркеу үстелінде немесе дербес тіркелу киоскісінде алуға болады.
Мобильді отырғызу талонын енгізуімен рейске онлайн тіркелетін жолаушылардың үлесі 45-50% ұлғаюы күтіледі. Жақында жаңа қызметпен Астанадан саяхаттайтын жолаушылар пайдалана алады.
«Эйр Астана» АҚ Корпоративтік
коммуникациялар департаменті