Қараша айының 8-ші жұлдызында Эйр Астана әуе компаниясы өзінің алғашқы Airbus A320neo жолаушылар ұшағын алды. Бұл – Қазақстанның авиация тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, бүгінгі таңда Эйр Астана ТМД елдерінің ішінде A320neo ұшағын алған бірінші компанияға айналып отыр.
2015 жылы жасалған келісімшартқа сай, Эйр Астанаға 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі аралықты 11 Airbus A320neo әуе кемесі жеткізу жоспарланып отыр. A320neo ұшақтары отандық, сондай-ақ, халықаралық бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.
Өзінің құттықтау сөзінде, Airbus компаниясының өндіріс мәлелері бойынша, клиенттер жұмыс істеу бағытының директоры, Джон Лихи ұшақ жолаушыларға ерекше жайлылық сыйлауымен ғана емес, сонымен қатар отын тиімділігімен де маңызды екенін айтты.
Эйр Астана компаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша A320neo әуе кемесінің жаңа түрлері барлық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай жақсарған. Airbus A320 қызмет көрсету барысында өзінің айрықша өнімділігін дәлелдеді. “Эйр Астана ЭКСПО-2017 ресми әуе тасымалдаушысы мәртебесін алды. Компания әуе өнеркәсібінің соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, жолаушылардың ұшу қауіпсіздігімен қоса, жайлылығын да ойлайды,” - деді ол.
Airbus – жолаушылар ұшақтарының қазіргі заманғы жетілген түрлерін өндіруші компания екенін естеріңізге салайық. Көрнекті экономика және жақсартылған экологиялық көрсеткіштері нәтижесінде A320neo ұшақтары отын шығынын 15% азайтуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде осы классқа жататын ұшақтар қатары үшін рекордтық көрсеткіш.
Жаңа әуе кемесін қабылдау іс-шарасы Airbus компаниясының Тулуза қаласындағы штаб-пәтерінде өтті. Оған Эйр Астана әуе компаниясының президенті Питер Фостер және Airbus компаниясының басқа да өкілдері қатысты. Эйр Астана әуе компаниясының баспасөз қызметі ТМД-дағы алғашқы Airbus A320 әуе кемесінің тұсаукесері қарашаның 12-сі күні Астана әуежайында өтеді.