Евгений Федоров Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Евгений Федоров Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күнінде ерлер 151 шақырымды құрайтын топтық сайыста сынға түсті.

Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Евгений Федоров (3:21:46) мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдегер атанды.

Алтын Ыро Кимнің (Корея Республикасы), күміс қытайлық атлет Сянджин Льюдің еншісінде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан