Ішкі істер министрлігі өкілдері қазақстандықтарға эвакуация кезінде не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері ең алдымен дүрбелеңге берілмеуге шақырды. Одан бөлек те бірқатар кеңес берді:
- сабыр сақтаңыз;
- дүрбелеңге жол бермеңіз;
- жеке құжаттар мен ақшаңызды алыңыз;
- ғимараттан шығыңыз.
Егер пәтерде болсаңыз:
- электр қуатын, суды және газды өшіріңіз;
- пәтер есігін жабуды ұмытпаңыз, бұл мүлкіңізді ұрлық-қарлықтан қорғайды.
"Ғимаратқа жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралуға болатынын естен шығармаңыз!" - деді ІІМ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдай министрлігінің өкілі Асқар Шәріп су тасқыны болған өңірлерде 35 мың қазақстандық өз үйіне оралғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!