- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еуропарламент Ресейді терроризмнің...
Еуропарламент Ресейді терроризмнің демеушісі деп таныды
Еуропарламент Ресейді терроризмді демеуші ел деп тану туралы қаулы қабылдады және оны тиісті тізімге енгізді. Қарар ЕО мүшелерінің дауыс беруі барысында қабылданған. Құжат органның ресми сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Еуропарламент сайты мәліметінше, Ресейді терроризмді демеуші мемлекет деп жариялай отырып, Еуропарламент депутаттары Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей үкіметін халықаралық трибунал алдында жауапқа тарту үшін жоба дайындауға ниетті. Мұндай анықтама берілсе, белгілі бір елге ЕО-мен арадағы қарым-қатынаста қатаң санкциялар мен шектеулер енгізіледі.
Шешім "Украина мен оның азаматтарына шабуыл басталғаннан бері жасалған қатыгез және адамгершілікке сай келмейтін әрекеттерге" байланысты қабылданған. Ресей Федерациясының Украинаның бейбіт тұрғындарына жасаған қасақана шабуылдары мен қатыгездіктері, азаматтық инфрақұрылым нысандарының жойылуы және адам құқықтары мен халықаралық гуманитарлық құқықтың басқа да ауыр құқықбұзушылықтары Украина халқына қарсы террор әрекетіне теңестіріліп, әскери қылмыстар саналады", - делінген қарарда.
"Еуропарламент Ресейді терроризмге демеуші әрі терроризм құралдарын пайдаланатын мемлекет деп таниды", - деді жоба авторлары.
Құжат басым көпшілік дауыспен мақұлданған. Яғни 494 дауыс бойынша қолдау тапқан, 58 қарсы дауыс берілген және 44-і қалыс қалған. Бұл ретте қарар ЕО елдерін Ресей Федерациясын болашақта терроризмнің демеушісі деп жариялауға мүмкіндік беретін құқықтық базаны әзірлеуге шақыратын ұсыныс құжат саналады. Қазір тізімде тек жеке тұлғалар мен қозғалыстар бар, олар - 13 адам және 21 ұйым. Ресей Федерациясын тізімге қосу үшін ЕО елдерінің дауыс беруі қажет.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова