- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еуропаға шығатын контрабандалық...
Еуропаға шығатын контрабандалық темекінің жолы жабылды
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алтынкөл-жол" кеден бекетінің қызметкерлері және Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша Ұлттық комитет аудандық бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Еуропаға түрлі маркалы темекі түріндегі темекі өнімдерін тасымалдайтын контрабанданың қылмыстық әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Жетісу облысы Қытай Халық Республикасымен шекара маңындағы Алтынкөл станциясында болған.
Құқықбұзушылар контрабандалық жүкті кедендік бақылаудан жасыру үшін арнайы құпия орында "жарық панельдері" өнімі ретінде мұқият бүркемелеп, теміржол контейнері арқылы өткізуге тырысқан.
Дерек қызметкерлердің "Жарық панелі" тауарларын егжей-тегжейлі тексеру кезінде құрамдас бөліктерге және құпия орынға толық талдау жүргізу арқылы қырағылық пен кәсібилігінің арқасында ашылды.
Теміржол контейнерінің жүру бағыты –Польша Республикасы. Заңсыз жүктің жалпы саны – 446 962 бума (8 939 240 дана), онда әртүрлі маркалы темекі бар, ал салмағы – 9 423 келі, кедендік құны – 87 031 620 теңге.
Қазіргі уақытта құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын, оның ішінде қатысушылардың жеке басын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә