"Еуропаға, Америкаға барғым келеді". Ағылшын тілін үйреніп жүрген 77 жастағы полиглот әже жұртты сүйсінтті

"Еуропаға, Америкаға барғым келеді". Ағылшын тілін үйреніп жүрген 77 жастағы полиглот әже жұртты сүйсінтті
Фото: видео кадры

77 жастағы Гүлжахан Жамбылова университетке барып, ағылшын тілін үйреніп жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Өмір бойы ұстаздық еткен зейнеткер қазақ, орыс тілдерінен бөлек, неміс және француз тілдерін біледі. Ағылшын тілін үйреніп, немерелерімен әлем аралағысы келетін әже цифрлық сауаттылық бойынша курс аяқтап үлгерген.

"Қайнаған өмірдің ішінде болу үшін осы курстарға жазылдым. Немерелеріммен қарым-қатынасты сақтау үшін, кәрілікке бой алдырмау үшін ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Еуропаға, Америкаға барып, өзге адамдармен сөйлескім келеді", - дейді полиглот әже. 

@qazaqstan.tv_

77 жастағы полиглот әже Зейнеткер Гүлжахан Жамбылова университетке барып, ағылшын тілін үйреніп жүр. Өмір бойы ұстаздық еткен әже қазақ, орыс тілдерінен бөлек, неміс және француз тілдерін біледі. Ағылшын тілін үйреніп, немерелерімен әлем аралағысы келетін әже цифрлық сауаттылық бойынша курсты аяқтап үлгерген. «Қайнаған өмірдің ішінде болу үшін осы курстарға жазылдым. Немерелеріммен қарым-қатынасты сақтау үшін, кәрілікке бой алдырмау үшін ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Еуропаға, Америкаға барып, өзге адамдармен сөйлескім келеді», - дейді полиглот әже.

♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы

Желі қолданушылары бірнеше тіл білетін әжеге сүйсініп, пікір қалдырған. 

"Әдемі қартайған әже екен", "Зор денсаулық сізге, арманызга жетіп қыдырып келіңіз", "Апа дами беріңіз, шет ел аралап ел көріңіз", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Алтын тойға арналған құттықтау-тілектер

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек