- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Еуропадан да ұсыныстар...
"Еуропадан да ұсыныстар болды". Қытайда модель болып жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті
Модель, актер, блогер Алмаз Мержақыпов Massaget.kz тілшісіне Қытайдағы өмірі туралы айтып берді.
Алмаз Мержақыпов 22-де. Негізгі мамандығы - журналист. Ол Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін "электрон журналистика" мамандығын бойынша тәмамдаған. Қазір Қытайда моделинг саласында жұмыс істеп жүр.
"Моделинг саласына келгеніме 2 жыл болды. Алғашқы жылы жай модельдер қатарында болдым. Көп жұмыс істемедім. Бұл менің қалауым болды. Бұған дейін музыкамен айналысатынмын. Музыканы ілгерілендірумен айналыстым. Ozen лейбілінің әртістерімен жұмыс істедім. dudeontheguita есімді әрістің менеджері болдым. Сол музыка арқылы бұл салаға кездейсоқ тап болдым. Нұрбекті бір сән көрсетілімінде өнер көрсетуге шақырды. Менеджер болғаннан кейін мен сол іс-шарадағы дауысты тексеріп жүрдім. Сол кезде модельинг директоры мені байқап, байланыс нөмірлерін алмастық", - дейді кейіпкер.
Оның айтуынша, Қазақстанда моделинг саласы онша дамымаған.
"Өкінішке қарай, бізде моделинг саласы, бұл индустрия дамымаған. Оны мен Қытайдан кейінгі тәжірибемнен айта аламын. Бұл салада ақша аз, мен мұны бұрыннан білетінмін. Сол кезде мен агентіме "үлкен, қызық жобаларға шығарыңыздаршы" дедім. Сөйтіп Pepsi жарнамасына түстім. Баннер, түрінде Қазақстан мен Қырғызстанда тарады", - деді ол.
Фото: жеке архив
Оның айтуынша, ұсыныстар әлемнің түкпір-түкпірінен түскен. Алайда оның таңдауы Қытайға түскен.
"Еуропадан да ұсыныстар болды, Милан, Париж қаласынан бірақ Азияда жұмыс тәжірибесі болмағандықтан әзірше асықпайық деген еді. Қытайдың, Кореяның, Таиландтың агенттіктерінен де ұсыныстар келді. Біз Қытайдың ұсынысын қабылдаймыз деп шештік. Виза алып, үш айлық келісімшартқа отырдық", - дейді кейіпкер.
Алмаздың айтуынша, ол ақпанда Таиландқа жол тартпақ.
"Қытай - өте бірегей халық, өздеріне контраст заттарды біріктіре білген халық. Мәдениетіндегі ерекшелігіне қарамастан көшелері тап-таза. Барлығы цифрландырылған. Пәтерлерге саусақ ізімен ғана кіреміз, ыңғайлы бәрі. Өте ашық әрі ақкөңіл халық. Тіл білмейтінім қиындау. Қытай халқы ағылшын тілін біле бермейді. Бірақ телефон арқылы түсінісеміз. Бұған қатысты қиындық туындап жатқан жоқ. Мұнда жүріп, мол тәжірибе алдым. Әртүрлі журналдар, лукбуктар түсірдік. Бірақ ерекше еске қалғаны Fila брендінің жаңа жылдық түсірілімі болды", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айсұлтан Сеитовпен өзімнің жан досым dudeontheguitar-дің kut meni әніне бейнебаянға түстім.
Pepsi-дің жарнамасына түскенннен кейін оның суреті бейнеленген билборд үйінің маңында пайда болған. 31 тамызда ол бір музыкалық фестивальден қайтып келе жатқанда алдынан бір топ бала шығып, себепсіз ұрып-соққан. Режиссер Айсұлтан Сеитов Алмаздың басынан өткен оқиғаны бөліскісі келген.
Алмаздың тағы бір өнері бар. Ол - актерлік. Кейіпкер "Шекер" веб-сериалының режиссері Айтөре Жолдасқалидің дебюттық "Шулама" толық метражды фильмінде басты ролді сомдаған. Оның айтуынша, фильм биыл жазда шығуы керек.
Алмаз Мержақыпов болашаққа жоспарын бөлісті.
"Болашаққа жоспар көп. Егер моделинг саласы туралы айтатын болсам, мақсат - Еуропаның атақты брендтерімен жұмыс істеу. Ал жалпы ел көріп, жер көргенге не жетсін, басты мақсат, жоспар осы шығар", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз! а
С. Бөлек