Еуропадағы тұмаудың өршуі: ауруханалар жаңа толқынға дайындалып жатыр

Осы маусымда ең көп таралған штамм - В типті тұмау. Ол басқаға оңай жұғады, алайда әдетте өлімнің айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Дегенмен маусымдық мерекелер мен кездесулер эпидемияның таралуын жылдамдатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуропа елдеріндегі жағдай

Франция

Францияда тұмау эпидемиясы Рождестводан кейін күшейе түсті. Науқастардың ең көп саны 15 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеліп жатыр, бірақ оны жұқтырып жатқандар арасында басқа жас топтары да бар. Қыста тұмау вирусы жыл сайын 2 миллионнан 6 миллионға дейін адамға жұғады.

Румыния

Румынияда тұмауға байланысты асқынулардан төрт адам қайтыс болды. Өткен аптада бұл аурумен 4100-ден астам жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаның көрсеткіштерінен екі есе көп.

Испания

Испанияда тұмау, бронхиолит және COVID-19 жағдайлары көбейіп жатыр. Ауру деңгейі, әсіресе Каталония мен Валенсияда өсіп жатыр. Бұл аймақтардағы ауруханалар жоғары дайындық күйіне келтірілді. Кейбір медициналық мекемелерде міндетті түрде маска тағу қайта енгізілді.

Италия

Эпидемияның шыңы қаңтардың екінші жартысында болады деп күтіліп отыр. Дәрігерлердің болжауынша, аптасына екі миллионнан астам инфекция тіркеледі.

В типті тұмау кезінде температура көтеріледі, аяқ-қол ауырсынады және жөтел пайда болады. Оның асқынулары 60 жастан асқан адамдарға және ауыр респираторлық аурулары бар науқастарға қауіп төндіреді.

Сақтық шаралары

Еуропаның медициналық мекемелері алдын алу шараларын күшейтіп отыр:

  • Ауруханаларда міндетті түрде маска киюді енгізу;
  • Созылмалы аурулары бар науқастардың жағдайын бақылауды күшейту;
  • Вакцинация туралы ақпараттық науқандар жүргізу.

Оқи отырыңыз: Иммунитетті қалай арттыруға болады? Иммунолог-дәрігер Алмаз Шарманмен сұхбат

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!