Еуропада тұрғындар саны рекорд деңгейге жетті

Еуропада тұрғындар саны рекорд деңгейге жетті
Фото: pixabay.com

Еуроодақ тұрғындарының саны 450 миллионға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап. 

Сарапшылар мұны рекорд көрсеткіш дейді. 2023 жылмен салыстырғанда адам саны 1 миллионға көп.

Оған мигранттардың толассыз қоныс аударуы себеп болып отыр. "Еуростаттың" деректеріне сүйенсек, жоғары көрсеткіштер Германия, Франция және Италияда байқалады.

"Дегенмен, бұл демографияға кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді сарапшылар.

Өйткені бала туу көрсеткіші төмен және халықтың басым бөлігі қарттар. Бұл әлеуметтік жүйелерге салмақ түсіріп, кадр тапшылығына әкеледі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget