- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еуроодақ TikTok-қа 345...
Еуроодақ TikTok-қа 345 миллион еуро көлемінде айыппұл салды
Фото:
Pixabay
Еуроодақ TikTok-қа 345 миллион еуро көлемінде айыппұл салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Өйткені әлеуметтік желі кәмелетке толмағандардың жеке деректерін қорғау жөніндегі ережелерді бұзған. Брюссель шенеуніктерінің сөзінше, екі жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижелерінен кейін басшылық жауапқа тартылған.
Бұл платформаға айыппұл алғаш рет салынып отырған жоқ. Былтыр Ұлыбритания үкіметі бұл компанияға 15 миллион еуро төлеуді міндеттеген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова