Ет жеу психикалық әрі физикалық cаулық үшін өте маңызды. Бұл туралы диетолог, диеталық кітаптардың авторы Джорджия Ив айтты. Оның пікірінше, еттен бас тарту миға зиян келтіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Вегетариандық өмір салтын ұстану ақуыз жетіспеушілігіне емес, миға зиян тигізуі мүмкін екен.
"Мәселе ақуызда емес, ет құрамындағы барлық басқа қоректік зат та маңызды. Вегандық және вегетариандық диеталар мұқият жоспарлау арқылы ғана адамға ақуыздың дұрыс мөлшерін бере алады", - деді ол.
Сонымен қатар, маман ақуыздың көзі ретінде жасымық пен брокколиді ұсынды.
Диетолог адам ағзасына қажет қоректік заттар етте табылатынын, олардың ішінде В12 дәрумені, омега-3 қышқылдары, мырыш, холин, темір және йод бар екенін айтты.
"Бұл - қант пен инсулин деңгейі үшін ең қауіпсіз тағам", - деп түйіндеді ол.
Еске салайық, бұған дейін дәрігер ауызашарға ет жеуге бола ма деген сауалға жауап берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!