Спорт – бұл өмір, оған ештеңе кедергі келтірмеуі тиіс. Адамдар арасында "етеккір кезінде спортпен айналысуға болмайды" деген қате пікір тараған. Етеккір кезінде физикалық жаттығуларды қалай жасау керек?
Етеккір кезінде спортпен айналысуға болады. Алайда әрқашан өзіңіздің денсаулық жағдайыңызға қараңыз. Мысалы, егер қатты шаршап тұрсаңыз немесе басыңыз айналып тұрса, жаттығуды қоя тұрыңыз.
Етеккір кезінде жүгіру түрлі аурулардың және нашар көңіл күйдің алдын алуға көмектеседі. Алайда бұл күндері күшті физикалық жүктемелер жасау ұсынылмайды. Сондықтан егер бұрыннан жүгіріп жүрсеңіз, бұл күндері әдеттегіден аздау жүгірген жөн.
Етеккір кезінде темірге бай өнімдер жеңіз
Етеккір кезінде әйелдер қанмен бірге темір қорының 2/3 бөлігіне дейін жоғалтады. Оған қоса, жаттығу кезінде етеккір үшін әйелде тер бөліну артады, соның салдарынан ол темірді көбірек жоғалтады. Сондықтан етеккір кезінде спортпен белсенді айналысатын және темірге бай өнімдер жемейтін әйелдер теміртапшылықты анемиямен қиналады. Әдетте ол шаршаңқылық, ұйқышылдық, жиіленген жүрек соғысы және нашар көңіл күй түрінде білінеді.
Сондықтан рационға темірге бай өнімдер қосқан жөн. Оларға ет, балық, көкөністер мен жармалар жатады. Тиімді әсер болу үшін етті жасұнықпен бірге жеуді және рационнан кофе мен шайды алып тастауды ұсынамыз.
Етеккір кезінде дұрыс тамақтаныңыз
Етеккір кезінде тамаққа деген тәбет жақсы болады. Себебі бұл кезеңде зат алмасу деңгейі күшейеді, сәйкесінше, калорияға деген тәуліктік қажеттілік артады. Алайда пісірмелер мен фатфудтан бас тартыңыз. Оның орнын пайдалы көмірсулар, жасұнықтар және ақуыздар көмегімен толтыруға болады. Иә, қиын болуы мүмкін. Бірақ денсаулығыңызды ойлаңыз.
Жаттығу қарқындылығын өзгертіңіз
Жоғарыда айтқандай, етеккір кезінде жаттығулар көлемін барынша азайтқан дұрыс. Себебі жаттығулардың көп болуы етеккір циклінің бұзылу қаупін арттыруы мүмкін. Майлы тін үлесі азайып, ол етеккір келуіне қажет эстроген гормонының деңгейін қатты азайтуы мүмкін.