- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Етті қоқысқа лақтырып...
"Етті қоқысқа лақтырып жібердім". Ләйлә Сұлтанқызы қызық естелігін айтты
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қызық оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 10 жасында етті қоқысқа лақтырып жіберген.
"10-11 жастамын. Шекемтас ойнайтын кезім. Дишинкам ініммен аяқастынан ауруханаға түсіп, қырсыққанда тура сол кезде әжем белінен шойылып, тұра алмай қалды. Сөйтіп, үйдегілердің ас-ауқаты менің мойнымда. Бір күні бір жапырақ етті жуып-жуып, ойымда ештеңе жоқ, қазанға сала салдым. Ет қайнағанша, әжем "әй, қайт" дегенше көршінің қызы Маралмен шекемтас ойнап келемін деп кеттім де қалдым. Содан не керек, пісті-ау дегенде дайын лапшаны сала салып, үйдегілерге кешкі ас беремін деп даладан кірдім. Етті түсіріп, сүйектен ажыратқаным сол еді, ішінен құжынап құрт шыға келді. Масқара, құрыған жерім осы шығар деп ойладым. Қателегімді жасырған түрім ғой, бірден етті қоқысқа лақтырып жібердім. Сол күні барлығымыз кешкі ассыз қалдық. Өзім де оңбай сөз естідім. Сонда деймін де, 10 жастағы балаға үйдің бар тірлігі артылған болып тұр ғой. Әрине, бұл мақтанатын жағдай емес, бірақ 70-80 жылғыларға мұндай жағдайлар таныс шығар. Сол жылдары бала-шағаны асыраймыз деп ата-анамыз ала дорба арқалап, жұмыс істеп, үй тірлігін балаларына тапсырып жүре беретін еді ғой.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек