2023 жылдың шілдесінен бастап өзге елде тұратын этникалық қазақтар "Ата жолы" картасын ала алады. Бұл карта жайлы не білу керек? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
"Ата жолы" картасын енгізудің мақсаты тарихи отанмен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін біздің елімізге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға азаматтығын сақтай отырып берілетін болады. "Ата жолы" картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады.
"Ата жолы" картасы бар этникалық қазақтың кандастардан айырмашылығы – ол басқа елдің азаматы бола тұра Қазақстан Республикасының азаматтарымен және кандастарымен тең құқыққа ие.
"Ата жолы" картасының иегері:
"Ата жолы" картасы бар адамдардың ҚР мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ және мемлекеттік қызметке кіре алмайды.
Бұдан басқа егер "Ата жолы" картасының иесі Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның картасы жарамсыз деп танылады.
"Ата жолы" картасының иегерлері еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін өз бетінше таңдайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!