- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Етіктің табаны тайғанамауы...
Етіктің табаны тайғанамауы үшін не істеу керек? Пайдалы лайфхак
Қыста жер мұз қатқанда аяқ киіміздің табаны тайғақ болса, құлап, ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Бірақ өзіңізді құлаудан қорғап, етікті көктайғақта тайғанамайтындай етудің бірнеше жолы бар. Massaget.kz тілшісі аяқ киім табанының тайғанамауына көмектесетін бірнеше лайфхак әдісін жасады.
Ең алдымен, етік тайғанақ болмауы үшін халық арасында тараған кеңестерді тізейік.
- Табанға ірі түйірлі егеуқұм қағазын резеңке желім арқылы кең жолақ жасап жабыстыруға болады.
- Дәл осындай тәсілмен табанға киіз жолақтарын жабыстыруға болады, ол көшеде серуендегенде мұзға тежеліп, тайғанамайды. Тек аязда жұмсақ әрі серпімді күйін сақтамайтын киіз түрін таңдау керек.
- Мұны мата негізіндегі жабысқақ сылақпен де жасауға болады.
- Желім мен құм. Алдымен етік табанын әбден құрғатып, содан кейін оның шығыңқы беттеріне өзіңіз қалаған сапалы желім жағып шығыңыз. Желім кеуіп қалмай, тезірек бетіне құм сеуіп, дұрыстап кептіріңіз.
- Құмның орнына үйде қолжетімді тұзды қолдануға болады.
Алайда мұндай халық әдістер уақытша ғана көмектеседі. Желім көмегімен жабыстырылған заттардың түсіп қалатыны мен лайфхакты қайтадан жасау керегіне дайын болғаныңыз абзал.
Кәсіби әдіс
Ең жылдам әрі қауіпсіз әдіс - арнайы қаптама (ледоступ) сатып алу. Бұл резеңке жолақтағы табанға арналған төсеніштер, оны ғимарат ішіне кірер алдында киіп, шешу оңай. Қаптаманы спорт немесе бюджеттік тауарлар дүкендерінен таба аласыз.
Сонымен қатар, аяқ киім шеберлері ұсынған тағы бір әдіс - шеберханаға барып, полиуретанды протектор жабыстыру. Беті бұдыр серпімді төсем жоғары тартымдылыққа ие, сондықтан жүруге кедергі келтірмей, табанның тайғанамауын қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, бұған дейін көктайғақта сақтанудың жолдары хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Арбаның алдыңғы дөңгелегінің шеңберінің ұзындығы артқы дөңгелегінің ұзындығына қарағанда 1,6 км қысқа. Егер арбаның алдыңғы дөңгелегі 300 айналым, ал артқы дөңгелегі 200 айналым жасаған болса, ол қандай жол жүргені?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә