Әлеуметтік желіде аурухана ғимаратын су басқан видео тарады. TikTok қолданушыларының айтуынша, оқиға Ақтөбедегі көпсалалы облыстық ауруханада болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушысының сөзінше, су кеткелі бір апта болған. Сондай-ақ, видеолардан су толған жерде киімдер ілініп тұрғаны, мұның киім қоятын жер екені көрінеді.
"Біздің жағдайымызды кім ойлап жатыр? Иә, бұл табиғат апаты шығар, бірақ бір аптадан бері осы жертөле суға кеткен, бүгін де бізді осы жерге жіберді. Суық суды жалаңаяқ кешіп, киімдерімізді алдық, сұмдық", - дейді видеоны жариялағандардың бірі.
@gufa_karaj #актобе04 ♬ оригинальный звук - Доғдыр қыз?
Сондай-ақ, видеоны жариялағандардың бірі студенттер салқын суды кешіп жүргенін жеткізген.
"... Студенттердің аяқкиімі суға кетті, мұздай суды кешіп өтті. Бұл бірінші рет емес. Нешінші рет? Неге алдын алмайды?" - дейді Желідегілердің бірі.
@aqqu.kalikhan #казахстан?? #акимат #денсаулықсақтауминистрлігі #тоқаев #актобе #актобеакимат #облыстықтелеарна #жаңалықтар ♬ оригинальный звук - user1660719877867
Ал Қазнет қолданушылары бұл көрініске таңғалған.
"Етіктер жүзіп жүр ғой", "Осымен алтыншы видео", "Мынау енді масқара, білім алып, науқасты емдейтін дәрігерлеріміз бітіріп шығам дегенше ауру болып шығады ғой! Халықты кім емдейді?", "Масқара, жағдай жасалуы керек қой", "Балаларға обал болды", - дейді Желідегілер.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, қазір су тазартылған.
"Қар күрт еруіне, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын көп түсуіне байланысты емдеу мекемесіне іргелес жатқан кәріз құдықтары толды. Қаланың орталық кәріз коллекторына ақпағандықтан, ағын судың бір бөлігі аурухананың жертөлесіне түсті. Жағдай бақылауда, аурухана штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!