- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Етікпен теуіп тастаған":...
"Етікпен теуіп тастаған": прокурор Салтанат қалай соққыға жығылғанын айтты
Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтіп жатыр. Прокурор сот отырысы барысында маңызды деректерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, 2023 жылғы 8 қарашада Бишімбаев пен Нүкенова концертке барған. Онда "кішігірім себеппен" жанжал басталған. Кейін ұрыс-керіс мейрамханада жалғасқан.
"Сол күні түнгі сағат 2-де VIP-залда олардың арасында Бишімбаевтың қызғанышына байланысты жанжал туындаған", - деді ол.
Прокурор Бишімбаев мас күйде физикалық артықшылығын пайдаланып, Нүкенованың басына қатты соққы бергенін, кейін күзгі аяқ киімімен қызды тебе бастағанын айтты.
Нүкенова бөлмелердің бірінде тығылған, алайда Бишімбаев есікті ашып, Нүкенованы қайта ұрған.
"Ол бірнеше рет есін жиды, бірақ Бишімбаев оны қайтыс болғанға дейін ұрып-соға берген", - деді прокурор.
Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды. Бұл іс бойынша бүгінгі алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы сұмдық жайттарды айтқан еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова