Етке тұншығып өлді: Ақмолада ер адам ет жеп отырып қаза болды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында ер адам тамақ ішіп отырып қаза болды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

55 жастағы ер адамның кенеттен қаза болуына байланысты Сандықтау аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуді бастаған.

Оқиға 22 наурызда болған. Полицияға Елорда тұрғынының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы учаскелік полиция инспекторы хабарлаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам ет жеп отырып тұншығып кеткен.

"Алдын ала мәліметтер бойынша ер адамның өлімі механикалық асфиксиядан, яғни, тыныс жолдарында тамақтың тұрып қалуының салдарынан болған. Ер адам ауылда қонақта болған, - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Астаналық азаматтың қаза болуының нақты себептері сот-медициналық сараптамасы барысында анықталады.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!