Ethnotronica Almaty. Бізді байқағанын қалаймыз

Ethnotronica Almaty. Бізді байқағанын қалаймыз

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасы жаңа Ethnotronica Almaty фестивалін ұсынады. Үш сағаттық эксклюзив dance-шоу 10 қыркүйекте қаланың басты open-air алаңы - Республика сарайының алдындағы Абай алаңында (Абай-Достық) өтеді. Кіру тегін. Жобаның бас серіктесі ‑ Magnum Cash & Carry. Фестиваль қала күні аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Ethnotronica Almaty - Қазақстанның электрон әртістерімен әлемдік этномузыканттардың бірігуі. Бұл - технология мен музыканы тоғыстырып, жасалған шоу. Ұйымдастырушылар Ethnotronica Almaty дәстүрлі қалалық күзгі фестиваль боларына сенеді.

Шоуға world music жанрындағы Радик Тюлюш (Тыва), Чылтыс Таннагашева (Тау Шориясы), Жомбор Фехер (Венгрия), Abbos тобы (Өзбекстан), Steppe Sons (Қазақстан), Simi триосы (Грузия) сияқты әншілер мен топтар, сондай-ақ, қазақстандық электрон сахна әртістері, Нариман Исенов, Kokonja, Edige, Ruus және жеке музыканттар Лейла Қобыз, Nuketai қатысады.

Этнотроника жанры не екенін толығырақ Ethnotronica Almaty бас продюсері Жан Қастеев айтып берді:

"Жаңашылдық пен дәстүр синтезі жаңа жанрды тудырады, біз оны "этнотроника" деген техногендік атау ретінде анықтадық. Әрине, бұл жанрды өзіміз ойлап тапқан жоқпыз, ол дүние жүзінде бұрыннан бар. Ол өз қалпымен өмір сүре береді және әр ұрпақ оны өзінің музыкалық стилінде қалыптастырады. The Spirit of Tengri аясында қалуға мүмкіндік болған болса да, бұл бізге не үшін керек? Бұрыннан осындай іс-шараны, атап айтқанда dance-шоу ұйымдастырғымыз келді. Бізде музыканттардан басқа Грузия, Украина, Өзбекстаннан би топтары келеді.

Біздің аймақ, Орта Азия ғана емес, сонымен бірге барлық посткеңестік елдер - бұл музыкалық тұрғыдан terra incognita түрі. Әлемдік нарықта біз белгілі бір музыкалық аспапты немесе шығарманы ұсынудың дәстүрлі нұсқасымен немесе танымал музыканы дәстүрлі элементтермен микс жасау арқылы танылдық. Бірақ қазір бұл нарық ішінде де, шетелде де танымал емес. Ethnotronica Almaty-да біз музыкалық материалдың көрсетілімін бүкіл әлемде, барлық шоу-кейсте, dance-алаңдарда, фестивальдарда және т.б. дәл осы нұсқада көрсеткіміз келеді. Осыдан кейін бізді байқайды деп үміттенеміз".

Музыканттардың қойылымы real-time режимінде LED-дисплейлерде, сондай-ақ, онлайн платформаларда тікелей эфирде көрсетіледі.

The Spirit of Tengri халықаралық мультимәдени жобасының негізін 2012 жылы Tengri FM қалаған. Керемет жарық пен музыкалық қойылымның мақсаты - Қазақстан халқы мен қонақтарын Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық-мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальға әлемнің 80-нен аса елінен жүздеген танымал музыкант пен топ қатысқан. 120 мыңнан аса адам оны тамашалаған.

Ұйымдастырушылар The Spirit of Tengri келесі көктемде Алматыда болатынына уәде береді.

 

Ж. Қадыржанова