- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Етеккір басталған". Әйел...
"Етеккір басталған". Әйел адам балабақшада үш жасар қызының жыныс мүшесіне зақым келгенін айтты
"НеМолчи.kz" қоғамдық қорына үш жасар қыздың анасы жүгініп, көмек сұраған. Оның сөзінше, қызы Алматыдағы жекеменшік балабақшада зардап шеккен. Балабақшада қызының жыныс мүшесіне зақым келген, алайда балабақшадағылар жауапкершіліктен қашып отыр екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйел адамның сөзінше, балабақшадағылар хабарласып, "үш жасар қызыңызда етеккір басталды" деп хабарласқан. Зардап шеккен қыздың анасы көмек сұрап, видео түсірген.
"Қиын жағдайға тап болдым. Қысқаша айтар болсам, 3 маусымда үш жасар қызымның жыныс мүшесіне 0,3×0,4 см зақым келген. Ол кезде камералар жұмыс істемей қалған. Әлі күнге дейін тергеу жүріп жатыр. Балабақша директоры кінәсін мойындамай отыр. Керісінше баланы мұндай жағдайға жеткізген мен екенін айтып отыр", - дейді қыздың анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Хирургтердің сөзінше, кішкентай қыз қатты соққыдан зардап шеккен. Әйел адам полиция істің мән-жайын өздері-ақ анықтайтын шығар деп ойлаған. Алайда полицияның өзі сол күні камералар жұмыс істемегендіктен ештеңе дәлелдей алмай отыр.
Бұл жайтқа қатысты Алматының Полиция департаменті өкілдері пікір білдірген.
"Бұл дерек тіркеліп, Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеумен айналысып жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу Алматының ПД басшылығының бақылауында", - дейді ПД өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина