Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова Желідегі парақшасында жазба жариялалап, өзін "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, күзетті мейрамхана иесі таңып берген.
"Етегімнен тартпаңдаршы!
Охрана сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма? Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. Ресторанның таңып берген охранасы ғой, біздің дым қатысымыз жоқ, ақталды демеңіздер. Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап охранамен жүргенге не жетсін. Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай.
Құрметті көрермен-ау, жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: “Ой сендер сондай, сендер бұндай” - деп артқа тартпайықшы. Неге десеңіз, біз көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайық та құрысын.
Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда, сағымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық.
Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой", - деп жазған актриса.
Айта кетейік, бұған дейін "Кімсің сен?" Актриса Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" фильмін сынағандарға жауап бергені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тыныс белгілері қай кезде қабаттаса қойылады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!