Солтүстікте бүтін бір отбасы уланып қалды. Оқиға салдарынан екі бала қайтыс болды, отбасының үш мүшесі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Қызылжар ауданындағы отбасы улануына қатысты соталды тергеу басталды. Қайтыс болған балалардың бірі 3 жаста, енді бірі 6 жаста.
"Бұл дерек "Абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан және абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу" бабы бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Тергеу жүргізіліп жатыр, зертханаға сынамалар алынған.
Ал жергілікті мессенджерлерде дауыстық хабарлама тарап кетті, онда әйел ет өнімдеріне абай болу керегін ескертеді.
"Туыстарымыздың отбасы түнде ауырып қалған. Таңертең үш жасар бала қайтыс болды, ал анасы мен екі қызы жансақтауда ауыр жағдайда, жағдайлары нашарлап бара жатыр. Олар кешке дүкеннен бекон мен тұшпара сатып алған", - делінеді хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!