- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ет 250 граммнан...
"Ет 250 граммнан аспауы керек". Әскердегі сарбаздардың тағамы қандай?
Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздар әскерде қандай тамақ ішетіні көпшілікке қызық көрінеді. Өйткені әскердің тамағы дегенде түрлі ойлар келуі мүмкін. Сарбаздар "Таңшолпан" бағдарламасында осы сауалдарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әскерде жүрген сарбаздарға күніне үш мезгіл ас беріледі. Түскіге бірінші және екінші тамақ, одан өзге көкөніс пен жеңіл салаттар. Ал кешкі асқа мүлде ет ұсынылмайды екен. Сарбаздарға берілетін ет күніне 250 грамнан аспауы тиіс. Сарбаздар кофе сүтсіз берілетінін жеткізді.
"Мен Орал қаласынан боламын, Астана қаласына шақыртылдым. Күн тәртібі дұрыс болмағандықтан, менің салмақ қосуым екіталай еді. Бірақ әскерге келгелі 6 ай ішінде он келі салмақ қостым. Күнделікті таңертең ерте тұрып, жаттығып, кешкісін уақытылы ұйықтаған соң, сондай-ақ, тамақтары да дәмді, уақытылы ішіп жүрген соң бәрі жақсы" , - дейді борышын өтеуші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы