Әлеуметтік желілерде жолаушы есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана-Көкшетау бағытындағы такси жолаушысы жүргізушінің жағдайын пайдаланып, жол ақысын төлемей көліктен түсіп кеткен.
Жолаушы ұсталды. Ол - Көкшетаудың 30 жастағы тұрғыны.
"Ер адамның айтуынша, 24 қарашада сапарға шыққан, бірақ төлемей көліктен түсіп кеткен. Ол іс-әрекетін "қаржылық қиындықтарға байланысты" деп түсіндірді. Құқық қорғаушылар жолаушымен профилактикалық әңгіме өткізді. Ол сапар құнын толық өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!