Әлеуметтік желілерде блогер есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне құрметсіздік танытқан видео тарады. Алматы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері видео авторын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізген.
"Ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын жариялайтын контентке жауапкершілікпен қарап, қоғамдағы этика, мораль және өзара құрмет қағидаларын сақтауға шақырады", - деп жазылған хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова