- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Естіп таңғалып жатыр"....
"Естіп таңғалып жатыр". Мақпал Исабекова баласына қанша жәрдемақы алатынын айтты
Танымал әнші Мақпал Исабекова баласына алатын жәрдемақыны айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, ол 19 мың теңге жәрдемақы алады.
"Көбі бала үшін 19 мың теңге жәрдемақы алатынымды естіп таңғалып жатыр. Таңғалатын түгі жоқ. Себебі менде зейнетақы жинағы болған жоқ. Ресми еш жерде жұмыс істеген жоқпын. Яғни қандай да бір мекемеде жұмыс істемедім. Түсінгенім бойынша, кейінгі екі жыл есептеледі. Ал кейінгі екі жыл карантин болды. Жеке кәсіп те жұмыс істеген жоқ. 19 мың теңгеге не сатып ала аламын? Жаялық шығар", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші ұлын алғаш рет оқырмандарына көрсеткен болатын. Ол ұлына Теодор дейтін есім бергенін айтты. Оның сөзінше, бұл есім латын тілінен қазақшаға аударғанда "Құдайдың сыйы", "Құдайдың хабаршысы" дегенді білдіреді екен.
Одан кейін Мақпал Исабекова күйеуінің ұлты еврей екенін, ал баласында алты ұлттың қаны бар екенін айтты.
Мақпал Исабекова - Қазақстан эстрадасының әншісі. Ол 2003 жылы SuperStar KZ жобасына қатысып, финалисі болды. Оның көпшілікке белгілі "Туған жер", "Аяла", "Мен жайлы" дейтін әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина