Перуде сиам егізін ажырату үшін ота жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, дәрігерлер екі баланы сәтті ажыратып алды. Кішкентайлардың бауыры бітіп туған екен. 4 сағатқа созылған операция Сан-Бартоломе қаласының ауруханасында жасалды.
Дәрігерлер балалардың жағдайы жақсы екенін айтып отыр. Қазір олар интенсив терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жуық арада үйлеріне жіберіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!