Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко Қыдырәлі мен Қарақаттың "күміс тойы" туралы жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кеш өте әдемі өтті. Эстетикалық талғам, әні мен сәні жарасқан жұлдызды жұптың бұл қуанышты дәл осылай атап өтуінің жөні бар. Бұл тойдың тақырыбы ерекше, мағынасы тереңде. 25 жыл - "Күміс той": дүниеге бала әкелу, шығармашылықты дамыту, ұлттық мәдениетті жаңғырту, оны бүкіл әлемге паш ету, ұлттық құндылықтарымызды дәріптес - бұл отбасы көпке үлгі", - деп жазды Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында.
Журналист "күміс тойдан" репортаж түсіріп үлгеріпті. Жақында тойдан эксклюзив сұқбат жариялайтынын да мәлімдеді Анна Данченко.
"Кеше той тойлап әдемі репортаж түсіріп те үлгердік. Ерекше атмосфера, тек жақындарының басын қосқан бұл тойда жылы естеліктер, әзіл-әңгіме де айтылды. Дайындаған ролигіміздің толық нұсқасын қонақтарға көрсетіп үлгермедік, уақыт аздау болып қалды. Сондықтан тойдың қызықтары туралы арнайы әрі эксклюзивті сюжетті жақын күндері менің YouTube арнамнан көре аласыздар", - деп хабарлады журналист.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз