"Естен кетпес ерекше күн болды". Танымал блогер оқырмандарынан сүйінші сұрады

Көпке "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған блогер Жанерке Елшін әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол шет елде сырқатынан ем алып жатқан әкесінің елге оралғанын мәлімдеді.

"24.04.2024.
Естен кетпес ерекше күн болды.
Ма Ша Аллаһ.
О, инстаотбасым, сүйінші.
О, Құдайым, ақсарбас.
Әкешім жеңіспен отанына, отбасына, ағайын-туыс ортасына оралды.
Барлығы бір Алланың және сіздердің аппақ ниет пен дұғаларыңыздың арқасында ғой деп бөлісіп жатқаным ғой.
Қуанышымыз ұзағынан болсын.
Енді, тек той көрсін, жақсылық көрсін.
Осы уақытқа дейін басынан не кешірмеді!?.
Толқып не айтатынымды да білмеймін.
Ата-анамды сіздер де сағындыңыздар ма?"

Айта кетейік, бұған дейін "Еңсеміз түсіп, еңіредік". Танымал блогер әкесінің қатты сырқаттанып қалғанын айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Егер cos α = 1/3 болса, α сүйір бұрышы үшін sin α, ctg α-ны анықтаңыз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!