- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есте сақтау қабілетін...
Есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйқыңыздың қануына әсер ететін ваннаға арналған хош иістер
Эфир майлары қосылған жылы ванна миыңызды тынықтыруға, денеңізді босаңсытуға, ұйқыңызды жақсартуға және иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Доцент Роман Опариннің айтуынша, шомылу кезіндегі ароматерапия дұрыс қолданылса, салауатты өмір салтына оң әсер етіп, психоэмоционалды жағдайды жақсартуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшы ванна қабылдаған кезде қосуға кеңес берген эфир майлар тізімі.
Демалу үшін - лаванда (4-5 тамшы)
"Жылы лаванда майы қосылған ванна орталық жүйке жүйесін босаңсытуға көмектеседі. Лаванда тыныштандыратын қасиеттерімен танымал және терең әрі тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді", - дейді доцент.
Сонымен қатар, лаванда стресс пен мазасыздықты емдеудің тиімді әдісі ретінде танылған. Оның хош иісі агрессия мен жағымсыз эмоция деңгейін төмендетуге көмектеседі.
Цитрус майлары (8-10 тамшы)
"Апельсин, лимон немесе грейпфрут эфир майлары шаршауды, стрессті және депрессияны жеңуге көмектеседі. Цитрус жемістерінің жарқын және балғын хош иісі серотонин - бақыт гормонын өндіруді ынталандырады, көңіл-күйді бірден көтереді", - дейді сарапшы.
Ұйқыны жақсарту үшін - шалфей мен лимон бальзамы (әрқайсысы 3 тамшы)
"Ұйықтар алдында шалфей мен мелисса қосылған ваннада демалсаңыз, хош иісті майлар терең және сау ұйқыға кетуге көмектеседі", - деді Роман Опарин.
Сандал ағашы (2-3 тамшы)
Сандал ағашының майы стрессті жеңілдету және ұйқының сапасын жақсарту қабілетімен танымал.
Иммунитетті нығайту және шаршауды басу үшін - эвкалипт (5 -7 тамшы)
Эвкалипт - суық тигенде жазылу үшін жиі қолданылатын табиғи антисептик. Сондықтан, ЖРВИ-мен ауырып жатсаңыз, эвкалипт хош иістерімен дем алу пайдалы.
"Эвкалипт майы физикалық шиеленісті жеңілдетуге және иммундық жүйені ынталандыруға көмектеседі", - дейді сарапшы.
Розмарин (3-5 тамшы)
Қуатыңыздың жоғын байқасаңыз, сізге розмарин көмектеседі.
"Розмариннің хош иісі қуаттандырады, шаршауды жеңілдетеді және көңіл-күйді жақсартады. Сондай-ақ, розмарин психикалық белсенділікті ынталандыруға, есте сақтау мен зейінді жақсартуға көмектеседі. Розмарин майы қосылған ваннаны жұмыс күні немесе оқу сабақтары алдында қабылдау пайдалырақ", - дейді ол.
Эфир майлары бар ваннаны қабылдаудың оңтайлы уақыты - шамамен 20-30 минут. Бұл майлардың хош иістерін ашып, денеге оң әсер ету үшін жеткілікті.
Ал егер үйде ванна болмаса ше?
"Сіз хош иісті гель немесе эфир майлары бар спрей қолдана аласыз. Душ алдында денеге аз мөлшерде гель немесе спрей жағыңыз және процедура кезінде хош иіспен дем алыңыз", - деп кеңес берді Роман.
Ескерту! Егер эфир майы бетіңізге тым көп тисе, бет терісі тітіркенуі мүмкін. Тауар сыртындағы нұсқауларға назар аударыңыз, олардың кейбіреулері алдымен май немесе сүтпен араластыру керек. Мұндай майлардың теріге тікелей тиюі жағымсыз әсер тудырады.
Айта кетейік, бұған дейін үйден хош иіс шығуы үшін не істеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жұмыстан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә