Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды

Қарапайым физикалық белсенділік есте сақтау қабілетін жақсартады. Миды жақсартудың бұл күтпеген әдісін Лондон университетінің эпидемиология және денсаулық институтының зерттеушілері Майкл Блумберг пен профессор Эндрю Стептоу анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Блумберг когнитивті қабілеттердің бірінші жаттығудан кейін жақсаратынын атап өтті. Сонымен қатар оның айтуынша, нәтижеге жету үшін спорт залға барудың қажеті жоқ.

"Орташа және қарқынды белсенділік жүрек соғу жылдамдығын арттырады. Бұл жылдам жүру, билеу немесе бірнеше баспалдақпен көтерілу болуы да мүмкін. Міндетті түрде құрылымдық жаттығу болуы тиіс емес. Физикалық белсенділіктің кез келген түрі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі", - дейді ол.

Блумберг зерттеу нәтижесінде физикалық белсенділіктің есте сақтау қабілетін 24 сағатқа дейін жақсартатынын айтты.

"Бұл бұрын ойлағаннан да әлдеқайда ұзағырақ. Физикалық белсенділікті арттыратын болаңыз, есте сақтау қабілетіңіз өзінің белсенділігін ұзақ жылдарға дейін сақтайтын болады", - деп түсіндірді сарапшы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!