Батыс Қазақстан облысында ер адам жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтема жасап.
56 жастағы Мергенбай Құбашев 15 қыркүйекте Январцево кентіндегі үйінен шығып, жоғалып кеткен. Әпкесі Жұмағыз Құбашеваның сөзінше, телефонын да, құжаттарын да алмаған. Ер адамның есте сақтау қабілеті нашар екен.
"Көктемде бір рет кетіп қалды, содан кейін бірден табылды. Бұл жолы оны төртінші күн қатарынан таба алмай жатырмыз. Ішімдік ішпейді, денсаулығына байланысты мәселелері бар", - деді әйел.
Ер адамның туыстары дереу полицияға арыз жазған, ал қазір тәртіп сақшылары оны іздеумен айналысып жатыр.
Мергенбай Құбашевтің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдардан 8 (777) 358-98-72 немесе 102 нөміріне қоңырау шалу сұралды.
Еске салайық, бұған дейін 14 күн бұрын жоғалып кеткен ақтаулық ер адам әлі табылмай жатқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көздің асты неге іседі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!