- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі қылмысы
Есірткіні жарнамалап жүрген 30 алаң бұғатталды
Жетісу облысы прокуратурасымен есірткі заттарын сататын 30 есірткі алаңдары бұғатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы прокуратурасымен заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректері анықталды.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталды.
Нәтижесінде "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталды.
Облыс прокуратурасымен бұл бағытта жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина