Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, "Қарасора - 2024" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург тасжолының 340-шақырымында Lexus ЕС 350 автокөлігін тоқтатқан.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді. Көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!