"Есірткімен бірдей". Уролог-андролог ерлердің неге ұсақталып, әлсіреп бара жатқанын айтты

"Есірткімен бірдей". Уролог-андролог ерлердің неге ұсақталып, әлсіреп бара жатқанын айтты
Фото: спикердің жеке мұрағатынан

Уролог-андролог, медицина ғылымдарының магистрі Батыржан Сабырханұлы ер адамдарға аса қажет тестостерон гормоны неге төмендеп бара жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Адам неге порнографиялық фильмдерге тәуелді болып кетеді?

"Қазір жастар мен балаларға бәрі қолжетімді. Мәселен, қазір жасөспірімдер 7-8 ғасыр бойы ата-бабасы көрмеген әйелдердің бейнесі мен денесін көреді. Оның үстіне мектеп пен үйде де жыныстық сауаттылық жайлы ешкім түсіндірмейді. Жалпы, статистика бойынша ұятсыз бейнені әйел адамдарға қарағанда ер адамдар көп көреді. Бірақ бұл әдет екі тарапты да тәуелділікке алып келеді. Өкінішке қарай, мұндай тәуелділік жыныстық сауаттылықтың жоқтығынан туындап отыр. Балаға үйде және мектепте білім жыныстық сауатын ашу керек, білмегенін түсіндіру керек. Біздің халық көз және құлақты түсіндіреді де, қалған денесін жұмбақ күйінде қалдырады. Жасөспірімдерде ұятсыз бейнеге тәуелділік интернет желісінен басталады. Қазір бәрін оңай көріп, оңай қол жеткізеді алады. Мұны да бір фактор ретінде қарауға болады", - деді маман. 

 Тәуелділіктің салдары неге әкеледі?

"Порно фильм дегеніміз - шынайы өмірден алыс және сценраийі бар мінсіз жазылған дүние. Кез келген жас оны көргенде норма деп ойлап теңесуді көздеуі мүмкін. Бірақ олай емес. Ұят бейнені көп көріп, мастубацияға тәуелді болып қалған адам көп. Әлемде көптеген зерттеуге үңілсек, мұны жиі жасаған адам есірткіге құмартқандай тәуелдікке шалдығады. Өйткені маструбация жасаған кезде адамда бақыт гормоны эндорфинді бөлінеді, яғни тәуелді адам тез ләззат алуғысы келіп тұрады. Онымен қоса, бұл азаматты наркотик тұтынуға да алып келуі мүмкін. Екіншіден, бұл психосамантиканы бұзады. Мысалы, ер жеткен жігіт шынайы өмірге жыныстық қатынасқа түскен кезде өзіне көңілі толмайды. Өйткені өзі көріп жүрген бейнедегідей болмай шығады. Ол менде бірдеңе дұрыс емес" деп өзін іштей жей бастайды. Үшіншіден, зиян әдет - гормондарға әсер етеді. Адам ағзасындағы гормондар 72 сағат сайын жаңарып отырады. Жасырын әдетті жасау біржағынан сол гормондар жұмысын бұзады. Салдарынан ер адам депрессияға батады және қоғамнан алшақтап, жабық болып қалады. Ағзада пролактин гормоны көбейіп кетеді. Адам жалғыздыққа көп ұмтылады. Мұндай кезде оған тек уролог маман емес, психологта көмектесуі керек", - деді Сабырханұлы. 

 Ерлер жыныстық сауаттылығында нені ескеруі керек және қандай кеңес бересіз?

"Егер ер адам тез шаршайтын болса, ұйқысы қанбайтынын сезсе және жыныстық қатынасқа деген құмарлығы түсіп кетсе, мұның бәрі тестостерон гормонының төмендегінің тікелей белгісі. Тестостерон гормоны көбейеді - уақытылы ұйқы, пайдалы өнімдер жеп, спортпен айланысу. Тестостерон – ер адамдар үшін ең маңызды гормон. Қазіргі таңда компьютер алдында отырып жұмыс істейтін ер адамдар көп. Бұдан бұрынғы заманды алып қарасақ, ерлер ылғи қозғалыста болған. Сонымен ол – еркек. Өкінішке қарай, елімізде жыныстық сауаттылық төмен деңгейде. Қазір жыныстық сауатылыққа қатысты қысқа-нұсқа контент көбейіп кетті. Бәрі әртүрлі дәрі-дәрмек ұсынып жатыр. Маман ретінде айтарым, ондай жарнамаға сенбеңіздер. Егер салауатты өмір салтын ұстансаңыз, жаман әдеттерден аулақ жүрсеңіз онсызда деніңіз сау болады. Қарапайым күнде 40-45 минут жаттығу жасап, далада серуендеудің өзі ағзаға көмек. Ал жағдайыңыз қиындап жатқанын сезсеңіз білікті мамандарға жүргінген жөн", - деді уролог. 

Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz