- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі
Есірткі таратушылар жаңа әдіс қолдана бастаған
Түркістан облысының прокуратурасы синтетика тарататын дүкенді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Түркістан облысының прокуратурасы құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерімен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жұмыс тобын құрды.
Жұмыс тобы "Телеграм" әлеуметтік желісінде талдау жұмыстарын жүргізіп, онда "Геркулес" атты синтетика тарататын чат-бот дүкенді анықтады.
Арнайы іс-шаралар нәтижесінде "кладмендер" ұсталып, 3 келі синтетикалық дайын өнім "мефедрон" тәркіленді. Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен 2 қылмыстық іс басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Сондай-ақ дилерлер синтетикалық есірткіні таратудың жаңа әдісін қолдана бастады. Атап айтқанда, кладмендердің ұялы телефондарын тексеру барысында интернет дүкендерінің бірі арқылы 255 мың теңге тұратын 5 300 магнит тапсырыс берілгені анықталды.
Магниттер синтетикалық есірткі заттарын скотчқа орап, металл негіздеріне жабыстыру арқылы кеңінен қолданыла бастады.
Осылайша, синтетикалық есірткінің 133 млн теңге болатын 5 300 дозасының таратылуы тоқтатылды. Бұдан бөлек, күдіктілердің мобильді құрылғыларында заңсыз ақша транзакциялары жүзеге асырылатын криптографиялық әмиян табылды.
Оған қатысты параллельді қаржылық тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қазір прокуратураның бақылауымен жұмыс тобының қызметі жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек