- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- есірткі
Есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды

Фото:
ІІМ баспасөз қызметі
Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны қолға түскен.
Ұсталғандардың бірі "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС қызметкері екені белгілі болды. Тінту барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, электрон таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі алынды.
"Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова