Есірткі сататынын білген куәні өлтірген екі ақтөбелікке сот үкімі шықты

Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Олар психотроп заттарды заңсыз сатқаны үшін жазадан сытылу мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген", - деп жазылған хабарламада.

Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқамерзімде сотқа жолданды.

Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!