Есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген Грузиядан экстрадицияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонынан жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" табылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.
Биылғы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!