Есірткі қылмысына қатысы бар колледж студенті сотталып кетті

Есірткі қылмысына қатысы бар колледж студенті сотталып кетті
Фото: depositphotos.com

Астанада есірткі қылмысына қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайы

Б. кәмелетке толмаған колледж студенті бола отырып, Telegram мессенджеріндегі "В" парақшасын пайдаланушымен келісіп, тыйым салынған заттарды сақтайтын "қоймаға" жұмысқа орналасқан.

Бұл парақшаның иесі Б-ның жеке деректерін пайдаланып, Таиланд Корольдігінен халықаралық пошта арқылы Қазақстан Республикасына 998 грамм есірткі, яғни марихуана (кептірілген) жіберген.

"2024 жылғы 6 тамызда Б. "Қазпошта" АҚ филиалынан есірткі заты бар жөнелтілімді алған, яғни есірткі затын заңсыз иемденген. Одан кейін есірткіні сату және дозаға орау мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған. Сол күні Б-ның үйін тінту барысында 998 грамм кептірілген марихуана тәркіленді", - деп жазылған Астана сотының хабарламасында.

Қандай жаза тағайындалды?

Прокурор сотталушыға 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова