Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Әмірханов OLX сайты қауіпті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әмірхановтың айтуынша, биыл 10 айда елімізде 2405 есірткі қылмысы жасалды, оның ішінде 1287 өткізу және аса ірі көлемде 415 есірткі сақтау дерегі анықталды. Сондай-ақ, ол 32 тонна 642 келі әртүрлі есірткі, 62 келі героин, 5 тоннадан аса кептірілген марихуана, 503 келі гашиш және 255,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленгенін мәлім етті.
"Есірткі сату жағынан OLX сайты танымал. Жыл басынан бері компаниямен біздің министрліктің бастамасы бойынша полицейлермен және сервис қызметкерлері үш мыңнан аса хабарландыруды жойды", - дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі мен OLX хабарландыру платформасы өкілдері есірткі жарнамасымен бірігіп күресетінін айтқан еді.
"ІІМ-нің ведомствоаралық штаб отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспардың орындалуын талқыланды. Жиналысқа әкімдер онлайн қатысты. Жиында ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев есірткіге сараптама жүргізу мәселесін көтерді", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз